А. ТОҚМАҒАМБЕТОВ АТЫНДАҒЫ МӘДЕНИЕТ ОРТАЛЫҒЫ

А. ТОҚМАҒАМБЕТОВ АТЫНДАҒЫ МӘДЕНИЕТ ОРТАЛЫҒЫ

Қызылорда қаласы, Қазыбек би көшесі, 21

А. Тоқмағамбетов атындағы мәдениет орталығының ғимараты 1959 жылы салынған. 2014 жылы ғимарат қайта қалпына келтіру жұмыстарынан кейін, Қызылорданың шынайы мәдени ошағы және рухани өмірін тарту орталығына айналды. Мәдениет үйінің ғимаратында қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, облыстық филармония және 6 этномәдени орталық орналас- қан.