«АЙТБАЙ» МЕШІТІ

«АЙТБАЙ» МЕШІТІ

Қызылорда қаласы, Сәтбаев көшесі 18

Айтбай мешіті Қызылорда қаласының ескі мешіті. Республикалық маңызы бар сәулет ескерткіші. Қаланың тарихи орталығында орналасқан. Сыйымды- лығы шамамен 500 адам. Биіктігі 14 метр. Қасбеттері мүсінді кірпіштен қаланып сәнделген. Мешіт Бұқаралық көпес Айтбай Балтабаевтың бастамасымен тұр- ғындардың қаражатына салынған. Құрылысты Әулие атадан келген (қазіргі Тараз) Исқан мен Камал есімді шеберлер жасаған. Мешіт 1878 жылы ашылды және медресе ретінде қолданылды.